Саясат

«Иранға сенуге болмайды, оларда химиялық қару бар» – Нетаньяху

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Newsmax арнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамппен көптеген мәселеде көзқарастары сәйкес келетінін, бірақ кейбір келіспеушіліктер де бар екенін айтты.

Фото: из открытых источников

Оның айтуынша, сондай мәселелердің бірі – Түркияға F-35 жойғыш ұшақтарын жеткізу.

Нетаньяхудың басқа да мәлімдемелері:

«Егер АҚШ болмағанда, нацизм де, сталинизм де жеңіске жетуі мүмкін еді. Онда адамзат Құдай білсін қанша жүз жылға созылатын қараңғы дәуірге тап болар еді. «Иранда химиялық қару бары анық. Мұны нақты айта аламын. Бұл – Иран тарапынан төнетін тағы бір қауіп. Адамзат үшін ең үлкен қауіп – радикалды исламдық режим мен ядролық қарудың қосылуы. Егер Иранда екеуі де болса, бұл өте үлкен, тіпті өлімге әкелетін қатерге айналады. Біз мұның алдын алуға тырыстық, белгілі бір деңгейде кері шегіндірдік. Бірақ мәселе әлі толық шешілген жоқ. Сарапшылардың пікірі де әзірге бірізді емес. Жоқ, Иранға сенуге болмайды. Сондықтан келісім бола ма, жоқ па – оны білмеймін. Бірақ келісім жасалса да, жасалмаса да, Иранның ешқашан ядролық қаруға ие болуына жол бермейміз. Бұл – мен де, Трамп та берген уәде».

Сайт Әкімшілігі