Саясат

Ислам Каримовтың үлкен қызы түрмеде қысым көріп жатыр

Гүлнара КАРИМОВАНЫҢ қызы анасының түрмеде қысым көріпжатқанын айтадыӨзбекстанның бұрынғыпрезиденті Ислам КАРИМОВТЫҢ жиені Иман КАРИМОВА қамауда отырған анасы ГүлнараКаримоваға «түрме әкімшілігі қысым көрсетіп жатыр» деп мәлімдеді.

Jasalash.kz

Бұлтуралы Иман Каримова Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы менӨзбекстан бас прокуратурасына үндеуін Instagram әлеуметтік желісіндегіпарақшасында жариялаған.

Иман Каримова түрмеде жазасын өтеп жатқан ГүлнараКаримоваға тиісті медициналық көмек көрсетілмегендіктен «оның жағдайы күнөткен сайын нашарлап бара жатқанын» айтады.

Ал, бұған Өзбекстан билігі әзірге түсініктеме бермеген.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлнара Каримованың швейцариялықадвокаты Грегуар Манжа өз қорғауындағы Каримоваға қысым жасалатыны туралымәлімдегенде Өзбекстан бас прокуратурасы бұл ақпаратты теріске шығарған болатын.

Гүлнара Каримова — Өзбекстанды 27 жыл басқарып, 2016 жылы қыркүйекте қайтыс болған Ислам Каримовтің үлкен қызы.

Фото: www.azattyq.org

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега