Қоғам

Исматулла тақсырдың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы

Аудиоподкастымыздың өткен шығарылымында Исматулла Әбдіғаппар келер қарсаңдағы Қазақстанның жалпы діни аһуалы жайлы айтылған болатын.

Jasalash.kz
Аудиоподкастымыздың бүгінгі шығарылымы – Исматулланың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы жайлы. Исматулла Әбдіғаппар Қазақстанға келе салып, Қарасудағы мешіттен медресе ашып, онда мүридтер тәрбиелей бастайды. Полиция жасағының медресені басып алуына себеп болған жағдай (0:33); Шілхана-медреседе күштеп ұстап отырған біраз адамның бостандық алуы (1:01); Бұдан кейін Исматулла тақсырдың азаматтық алмағандығы, сондықтан, қудалауға ұшырауы, белгісіз күштер арқылы Қазақстаннан қашып шығуға талпынуы жайлы (6:52) және діни-саяси тартыстардағы Исматулла тариқатының рөлі төңірегінде сөз болады.  Исматулла жамағаты салатын жария зікірге деген өзге ағымдардың, ҚМДБ-ның, ІІМ-нің көзқарасы мен қатынасы да (3:50) осы бөлімде айтылады.Мақаланың жалғасында басы дауға қалып, шетелге қашып кеткен Исматулла Әбдіғаппардың Қазақстанға қайта оралуы жайлы айтылады.Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді!Тексті оқыған Алмас НҮСІП.Фото: time.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега