Қоғам

Италия банкі Қазақстан нарығына кіруге ниетті

Қазақстанда Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісі ашылуда. Бұл жайында Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екі жақты кездесу барысында мәлім болды.

Фото: Vita.it

Арман Шаққалиевтің айтуынша, Италия Еуропалық Одақ елдері арасында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2023 жылы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымы $16,1 млрд құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға көп. Қазақстаннан Италияға экспорт $14,8 млрд жетті, ал импорт $1,2 млрд құрады, бұл өсімнің оң динамикасын көрсетіп отыр. Сауда-саттықтың өсуі ағымдағы жылы да жалғасын тапты.

2024 жылдың сегіз айында сауда көлемі 33%-ға өсіп, $13,8 млрд құрады, бұл ретте қазақстандық өнімнің экспорты 36% -ға артып, $12,9 млрд. жетті. 

«Біздің сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасымыз нығая түсетініне сенімдіміз. Қазақстан Орталық Азияда негізгі орынға ие және Еуропаны өңірмен байланыстырады. Екіжақты сауда көлемі едәуір өсті және біз қол жеткізілген нәтижелерге қанағаттанамыз, деді.
Nazym Sapar
Тегтер: Италия