Оқиғалар

Израиль АҚШ-тың әскери көмегінен бас тартуды жоспарлап отыр

Биньямин Нетаньяху Израильдің АҚШ тарапынан көрсетілетін әскери көмектен біртіндеп бас тарту жоспары бар екенін америкалық CBS News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Биньямин Нетаньяху. Фото: Sean Gallup / Getty Images

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта АҚШ жыл сайын Израильге шамамен 3,8 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсетіп отыр. Бұл қолдаудан толық бас тарту процесін қазірден бастап, алдағы 10 жыл ішінде аяқтау көзделуде.

Бұл шешім АҚШ-та Израильге қатысты қоғамдық пікірдің өзгеруімен тұспа-тұс келіп отыр. Әсіресе Газа секторындағы қақтығыстан кейін Израильді қолдайтын көзқарас әлсірегені байқалады.

Айта кетейік, бұған дейін Вашингтон мен Тель-Авив арасында жасалған келісім аясында АҚШ 2018–2028 жылдар аралығында Израильге жалпы 38 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсетуге міндеттелген.

Сайт Әкімшілігі