Израиль әскері Хамед қаласында БАҚ қызметкерлеріне оқ жаудырды
Газа секторында Израиль армиясының шабуылдары нәтижесінде тағы бір журналист қаза тапты.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір күн бұрын Израиль әскерлері Хан Юнустың солтүстік-батысындағы Хамед қаласында бір топ БАҚ қызметкерлеріне оқ жаудырған.
Оқиға құрбаны палестиналық журналист Ибрагим Мухариб болды.
Бұған дейін палестиналық журналист Сальма әл-Каддуми Израиль әскерлері Хамед қаласында БАҚ қызметкерлеріне оқ жаудырғаннан кейін жараланған болатын.