Саясат

Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға келеді

Израиль президентінің Астанаға сапарына дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы ресми хабарланбағанымен, сапарға дайындық Үкімет қаулысынан белгілі болды.

Фото: ашық дереккөз

Құжатта мемлекеттік органдарға сапарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылған. Сондай-ақ Президент Іс басқармасына Израиль делегациясын қабылдауға барлық қажетті шараларды қабылдау міндеті жүктелген.

Кездесу жоғары мемлекеттік деңгейде өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Тоқаев Ицхак Герцогты Израильдің Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ицхак Герцог