Саясат

Израиль шабуылы нәтижесінде «Хезболланың» баспасөз хатшысы қаза тапты

Ливандағы «Хезболла» тобының баспасөз хатшысы Мохаммад Афиф Израильдің Бейрутке жасаған шабуылында қаза тапты.

Фото: AP

Бұл туралы CNN хабарлады.

Басылым Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Афифтің Ливан астанасының орталығына жасалған шабуылда қаза тапқанын жазды. Шабуылдың нысанасы Рас-ән-Набадағы Баас партиясының штаб-пәтері болды. Шабуыл кезінде партия жетекшісі Әли Хиджази ғимаратта болмаған.

Афиф «Хезболла» мүшесі, баспасөзге жауапты. Әл-Жазираның хабарлауынша, ол сонымен бірге топтың қаща тапқан бас хатшысы Хасан Насрулланың кеңесшісі болған. Бұрын Мұхаммед Афиф «Әл-Манар» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған және Ливандағы журналистік ортада танымал еді.

Израиль армиясы Бейруттың Рас-ән-Наба аймағындағы соққыға қатысты түсініктеме бермеді.

Сайт Әкімшілігі