Қоғам

Израильде палестиналық және араб дәрігерлеріне қарсы науқан күшейді

Израиль ауруханаларында араб медицина қызметкерлеріне қатысты қысым мен кемсіту күшейгені айтылды.

Фото ашық дереккөз

Елдегі медицина қызметкерлерінің елеулі бөлігі араб азаматтары. Соңғы қысымға жараланған әскери қызметшілердің туыстары ауруханаларда араб тілінің естілуіне наразылық білдіргеннен кейінгі мәлімдемелер себеп болған.

"Ликуд" партиясының бұрынғы депутаты Оснат Марк дәрігерлік мамандықты "иудейлендіруге" және палестиналықтарды жұмыстан шығаруға шақырды деген ақпарат тарады. Ал депутат Моше Саада араб студенттеріне берілетін жеңілдіктерді алып тастап, олардың Израиль клиникаларындағы тағылымдамаларға қатысу мүмкіндігін шектеуді ұсынған. 2026 жылғы Израиль Кнессетінің дерегінше, 3,5 мыңнан астам араб дәрігері резидентурадан өту мүмкіндігін күтіп отыр.

"Израильдегі адам құқықтары үшін дәрігерлер" (PHRI) ұйымы 2023 жылдан кейін палестиналық медицина қызметкерлеріне қатысты қысым, тәртіптік тексерулер және жұмыстан шеттету жағдайлары күшейгенін хабарлады. Ұйымның 2026 жылғы есебінде палестиналық медицина қызметкерлерінің жұмыс орнында өз пікірін ашық айтуға қиналатыны және қысымға тап болатыны айтылған.

Сонымен қатар бұған дейінгі зерттеулер Израильдің мемлекеттік ауруханаларында араб медицина қызметкерлеріне қатысты ауызша қорлау, кемсіту және этникалық себеппен ем көрсетуден бас тарту жағдайлары болғанын көрсеткен.

Сайт Әкімшілігі