Баған

Кабинет

Үлкен қызметке тағайындалып, үлкенкабинетке ие болдым. Ескі орнымды жиыстырып, тазалап, жаңа кабинетіме бүгіналғаш бас сұғуым.

Jasalash.kz

Мұндай үлкен кабинетті бұрын көрген емеспін. Дүниенің ана қиырындажалғанның жазығындай көсіліп жатқаналапат зор үстелдің ар жағындағы креслома жеткенше, күн түске тармасты. Орнымакеп отырып жатқанда, түскі үзіліс уақыты да болған. Мен бүгін түскі тамағымдыішпей-ақ қояйын деп ұйғардым. Өйткені, енді есікке жеткенше,бәрібір, кеш батады… Жайланып отырып, жан-жағыма қарадым. Бір жақ қабырғаны тұтас алып тұрған қымбат әйнекті ұшы-қиырсыз терезе – жалтырайды. Ар жағы – соқыр тұман, боз түнек. Ештеңе көрінбейді. Сірә, сырттан да ештеңе көрінбейді… Мен орнына келген бұрынғы бастық жақсы адам болатын,іскер адам болатын… Ақыры, түк бітірмей кетті… Келуі қалай тез болса, кетуісолай тез болды… Ол кісіні жақында, бұрынғы – оның, қазіргі – менің қабылдау бөлмемде талып жатқан жерінен тауыпалды… Төбесіне аспалышам құлап кеткен дей ме…

Иә, құдай берем десе де – оп-оңай,алам десе де – қазір-ақ… Мен ол кісіге ұқсамауым керек. Құдай беріп тұрған кезде, осы орында бес күн отырамба, бес жыл отырам ба – бір шаруатындырып кетуім керек. Мен жұмыс істеуімкерек! Неден бастаған жөн?

Жалғанның жазығындай жарқырай жайылыпжатқан үстеліме қараймын. Үсті толған бұрынғыбастықтан қалған мүлік. Телефондар… Анау бір жылтыр папкілер, жазуприборлары, күнпарақ… Күнпараққа көз салдым – бүгінгі күн… Келесі бетінаудардым… Тап-таза… Ешқандай жыл, ай, күн… ештеңе көрсетілмеген! Бұл қалай? Секретаршаны шақырып, «бұл қалай» деп сұрадым.

– Бүгінгі күн көрсетілген ғой, – дедіол.

– Ал ертеңгі… күн қайда?

– Ертең осыорында анық отыратын болсаңыз, көрсетіледі…

Түсінбедім…Сонда мұнда отырғанадам бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, жұмыс істей ме? Абсурд! Бұлай болуға тиісті емес. Дұрыс… – бәрін күнпарақтан бастаған жөн. Ауыстырып, жаңа күнпарақ қоюкерек… Бәрін ауыстыру керек.

Қоқыс салатынкәрзеңкеге тастайын деп, күнпарақты ала бергенімде, үстел шайқалып, ауыр жазуприборы шоршып-шоршып түсті… Ендеше, ескі папкілерден құтылайын деп, топтап көтере бергенімде, тура төбемдегі аспалы шам шықырлап, тербелебастады… Сескеніп, бәрінорын-орнына қоя салдым… Мұнда бір сырбар… Бұл кабинеттеежелден орныққан бір тәртіп, жүйебар сияқты… Сірә, оны бұзуға болмайды. Осындағы заттардың бәрі бір көрінбейтін, үзілмейтін жіптермен жалғасып, шырмасып жатыр… Ештеңені алып тастауғаболмайды… Ештеңеден құтылаалмайсың… Не істеу керек?

«Барби»дейтін қуыршаққа ұқсассекретаршаға:

– Қызметкерлерді дереу осында жинаңыз!– дедім. Сәлден кейінесіктен иіліп-бүгіліп сәлемдесіп, бір… қуыршақтаркіріп келе жатты. Бәрі жиналып болып, жайғасып, менің аузыма қарағанда:

– Сіздер… кімсіздер? –  дедім.

Қуыршақтарбір-біріне қарап жымың-жымың етісті.

– Біз – сіз басқарып отырғанминистрліктің белді қызметкерлері боламыз…

– Жоқ, сіздер… сіздер –қуыршақсыздар! – дедім. Қуыршақтар бір-біріне қарапжымыңдасып, шиқ-шиқ күле бастады. Іштеріндегі ең үлкен қуыршақ:

– Ал сіз кімсіз сонда? – деді, бір шәңкілдеген мазақы үнмен.

– Бүгіннен бастап, бәріңіз боссыздар…Маған қуыршақ емес, адамдар керек. Мен қазір бұйрық жазамын…

Қуыршақтарсылқ-сылқ күліп, шығып бара жатыр.

Секретаршаның дайындап алып келген бұйрығына өз қаламыммен қол қоя алмай-ақ қойдым.Қағаз тесіліп қала береді… Амал жоқ, үстел үстінде жатқан бұрынғы бастықтың қаламымен сойдақтатып,шиырып-шиырып қол қойдым…Қойдым да, шошып кеттім: менің, әдетте ешкім түсінбейтін қолымның орнында«Қуыршақ» деген сөз тұр… Менмына… өз қолыммен «Қуыршақ» деп қол қойыппын!..

Қаным басыма шауып, шарасыздықтанүстелді гүрс еткізіп, қос қолдап ұрдым… Солсәт есік сарт етіп ашылып кетті. Сол сәт астымдағыкресло мені сілке көтеріп, лақтырды… Катапультадан атылған тастай көлбейкөтеріліп, ұшып барып,қабылдау бөлмесінің қақортасына шалқамнан кеп түстім… Төбеден үзіліптүскен жарты тонналық аспалы шам басыма төніп кележатты…

Фото: zhasorken.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега