Сараптама

Кадр бәрін шешеді: Кәсіби мамандар неге аз?

Қазіргі кезде жағдайы болса әрбір ата-ана баласының шетелдебілім алғанын қалайды.

Jasalash.kz

Сонда жастарды шетелде білім алуға итермелейтін нежағдай? Әлде еліміздегі 200-ден аса жоғары оқу орнының  білім сапасына көңіліміз толмай ма? Жұмыссызжастардың барлығында жоғары білімі, дипломы бар, ал жұмыс жоқ. Неліктен? Қазіргіжастарды да, ата-аналарды да толғандырып отырған осы мәселе төңірегінде ойқозғаймыз.

Дипломбар, жұмыс жоқ

Біріншіден, «диплом бар, жұмыс жоқ» деген мәселегекелетін болсақ, қазіргі қазақстандық еңбек нарығының сұраныс-талабына сай мамандардайындау қажет. Белгілі бір мамандық бойынша білім алып, мүлде басқа саладажүрген азаматтар қаншама. Бұның себебін мектеп бітірушілердің заман талабынасай, еңбек нарығында тапшы мамандықтарға бармауынан. Мектеп түлегі қандаймамандыққа грант көп бөлінеді, орталау баллмен грантты иемдену мүмкін болса,сол мамандыққа баруға тырысады. Ата-ана да баласының жоғары білімді мемлекеттікгрант негізінде алғанын қалайды. Себебі ЖОО оқу ақысын кез келген ата-ананыңқалтасы көтермейді. Қазір күндізгі бөлімдегі оқу ақысы жылына 550 мыңнанжоғары. Бұл жерде «сананы тұрмыс билейдінің» кебі келіп тұр.  Білім гранттарын бөлмес бұрын, еңбек нарығынзерттеп, зерделеп, жұмыс беруші талаптарын ескеру қажет екені  айдан анық. Мәселен, ресми деректерге сүйенсек,Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 84,7 мың жас жұмыссыз. Осы мәселені қазір жастарөз беттерінше шешуге кіріскен. Алматыға жұмыс іздеп келген олар өздерінелайықты кәсіпті hh.kz сайты арқылы оңай тауып жүр. Сол сайтқа кіріп,статистикалық мәліметтермен таныссақ, Алматы қаласында мекемелер менкомпанияларға 38 курьер, 111 жүргізуші, 89 сатушы, 170 әкімші, 208 оператор,325 программист, 73 кассир, 1008 менеджер керек екен. Осы статистикаға қарап-ақеңбек нарығында менеджер, әкімші, программист мамандықтарына сұраныс жоғарыекенін аңғарасың.

Келесі түйткіл – мамандықты дұрыс таңдау. Мектептегі 10-11 сынып оқушыларыныңкөбісі қандай мамандық таңдайтындарын, қандай оқу орындарына баратындарын білебермейді, білген жағдай да ата-ана шешеді. Алайда мамандық таңдауда қателесугеболмайды. Таңдаған мамандығына, кәсібіне көңілі толмаса, адам ол жұмыстыселқос, немқұрайды атқаратынын психологиядан білеміз. Абай бабамыздың «Сен дебір кірпіш дүниеге...»  дегеніндей,өмірден өз орнын таппаған адамның жетістікке жетуі неғайбыл. Ал экономика,қоғамның кез келген саласы кәсіби мамандарға зәру. Демек, жас түлек, болашақмаман өз қызметін ынты-шынтысымен беріліп орындаса ғана қоғам дамиды. Ол үшінболашақ маманның сол кәсіпке деген бейімі, ықыласы, табанды мақсаты болуықажет.

Мектепте оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін, таңдағанмамандығына жетуге деген арманын қанаттандыратын, нақты бағыт-бағдар беретінтәрбие сағаттары ғана емес, кәсіби-бағдар сағаттары енгізілуі керек.Сауалнамалар жүргізіліп, әр мамандықтың қыр-сырын түсіндіретін видеороликтеркөрсетілуі тиіс.  Белгілі бір мамандықтыңшыңына шыққан кәсіби тұлғалармен кездесу ұйымдастыру арқылы да мамандыққа дегенқызығушылық тудыруға болады.  Жастар негеәнші, жұлдыз, танымал болғысы келеді. Ол мамандыққа жасалып жатқан PR, яғнижарнама өте көп. Теледидарды ашып қалсаңыз – әнші, радионы қосып қалсаңыз да –әнші, ғаламторды да әнші жаулап алған, тойда да әнші, ойда да әнші. Дәл осындайжарнаманы басқа мамандықтарға, қоғамға пайдалы мамандықтарға жасау керек.

Карантин мен Ковид 19-дың арқасында дәрігер мен мұғалім мамандықтарының қоғамөмірінде маңызы мен мәні зор екенін әлеуметтік желілердегі видеолардан қазаққоғамы түйсінді. Демек, қазіргі еңбек нарығына қажет, сұранысқа сай мамандыққабағыттау үшін мектептерде 10-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беружұмыстарын жетілдірген абзал. ЖОО-лар азын-аулақ ашық есік күндерін өткізеді,бірақ мектептерге барып, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізетіндері сирек.

 Осы мәселе бойынша ойын ортағасалған «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры РауанКенжеханұлы былай дейді:«Бір жағынан, көпадамда диплом бар, бірақ ол мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Екіншіжағынан, қай салада болсын жұмысты тиісті дәрежеде алып жүретін маман аз. Яғни білімберу жүйесінің мүмкіндігі мен еңбек нарығындағы қажеттілік бір-бірінен алшақ.Бұл мәселені шешу үшін, біріншіден, оқу орындарының білім сапасы түлектерініңжұмысқа тұруымен бағалануы тиіс, екіншіден, жұмыс берушілер оқу орындарыментығыз жұмыс істеп, болашақ мамандарын дайындауға атсалысулары қажет».

БІЛІМ-ҒЫЛЫМ -ӨНДІРІС

Кәсиби мамандар дайындаудың үшінші мәселесі – студент мамандық алатынЖОО-лардың оқу бағдарламаларының бүгінгі еңбек нарығы талаптарына сәйкескелмеуі. Демек, студент аудиторияда теорияны алады, бірақ тәжірибеде оны игертугебілім ордасының материалдық-техникалық базасы сай келмейді. Қазақта «жүз рет естігенше,бір рет көр» деген сөз бар. Осы мәселе төңірегінде жоғары білімде БОЛОН үрдісібойынша лекция сағаттарын азайтып, семинар-практикалық сағат көбейген. Алайдатәжірибелік сағаттар да университет қабырғасындағы аудиторияларда өткізілетіндіктен,студенттер тағы да өндірістегі жаңа бағдарламалар мен инновациялық әдістемелерденбейхабар күйде қалады. Мәселен, болашақ дәрігерлер тәжірибелік сағаттарынемханалар мен ауруханаларда өткізеді. Демек, тәжірибелік дағдыларды меңгереді,ал басқа мамандықтарда ондай мүмкіндіктер бола бермейді.

Жас маман төрт жыл университет қабырғасында алған білімінжұмысқа орналасқанда кәдесіне жарата ала ма? Теория мен тәжірибе ұштаса ма? Осымәселені тарқатып көрсек, жоғары білімге практик мамандарды тарту мәселесі алғашыға келеді. Осы тұрғыдан келсек, ЖОО-да сабақ беру үшін сіздің ғылымидәрежеңіз болу керек. Ғылыми дәрежені ғылыми қызметкер бір тақырып төңірегіндекандидаттық, докторлық диссертация қорғап, ғылым кандидаты, доктор атағыналады. Бір жағынан қарағанда ЖОО ғылыми мекеме болғандықтан, ғалымдардың дәрісбергені дұрыс. Алайда сабақ беретін ғалымның қорғаған диссертациясының тақырыбыбүгінгі еңбек нарығының талабына сәйкес келмесе ше?

Көптеген ғалымдарымыз 1990-2000 жылдар аралығында ғылымидиссертация қорғады, осыдан 20 жыл бұрынғы ғылыми жаңалығы мен ізденісі бүгінгіөндіріспен, тәжірибемен қаншалықты үйлеседі? Қазір инновациялық технологиялар көзілеспес жылдамдықпен дамып жатыр. Осы тұста сәйкессіздік туындайды.  Белгілі бір салада 20 жылдан астам қызмет атқарып,сан саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар ЖОО-да сабақ бере алмайды.Себебі ғылыми атағы жоқ. Практик ретінде жұмысқа алған жағдайда да, ғылымиатағы жоқ болғандықтан, жалақысы төмен. Ондай жалақыға практик-мамандар ЖОО-да дәрісберуге бармайды. Осыдан 20 жыл бұрын қорғаған диссертация шеңберіндегілекциялар қазіргі жылдам дамып отырған өндіріске баратын студенттің кәсіби дайындығынжетілдіре алмасы анық. Осы орайда, практик мамандарды ЖОО-ға сабақ беруге тартуүшін ұзақ жылғы тәжірибесі нәтижесіндегі жазған оқулығы немесе оқу қолданбасынасәйкес, ғылыми атақ беру қажеттігі туындайды.

Ұлттық журналистік зерттеу орталығының жетекшісі ДәрменСМАЙЫЛ:

Ләззаталатын кәсіптен нәсіп табу – ең үлкен таңдау

   Кез келген азамат «ата-анаңдамүмкіндік жоқ, ал мамандық таңдауға мүмкіндік бар» деген тәмсілді түйсінуікерек. Ақпараттық ғасырда мамандық іздеу, нарықтық талаптармен астасып, оныңсұранысын зерделеу басым болған жөн. Демек, мамандықты ата-ана емес, баланыңөзі таңдасын. Меніңше, мамандықты зерделеу мына кезеңдерден өту керек: бірінші,бала психологиялық тестілеуден өтіп, оның қалауы мен икемі сүзгіден өтеді;екінші, осыған сәйкес мамандық таңдалады; үшінші, сапалы білім беру бағыты. Бізуниверситет таңдауды доғаруымыз керек, заманауи маман тәрбиелейтін оқу орнының дұрысзерттелгені абзал. Бұл кадр мәселесін шешу мен жұмыспен қамтуда өте маңызды.Қазір  «әйтеуір, грантқа түссем болды»немесе «алдымен диплом алайын, арғы жағын көреміз» деген кереғар түсініктіңзаманы өткен. Сәнге ұмтылу келмеске кетті. Айналаңда жоқ кәсіпті игеру,болашақта пайда болатын мамандыққа қарай ұмтылыс, өзіне ұнайтын, ләззат алатынкәсіптен нәсіп табу – ең үлкен таңдау. Алдындағы пікірге сәйкес, амалсыз армантүзу, өз-өзіңді тұқырту – болашақ маман үшін өте алшақ болуға тиіс келеңсіздік.

   Адам бастық болу үшін мамандық таңдамау керек,өз-өзіне бастық болу үшін таңдау жасауға дағдылану қажет. Ал ЖОО үшін еңбекнарығын шынайы зерттеп отыру – басты күрделілік. Өйткені оның түлектерінің білімсапасы бітіруші түлектердің «жұмысқа тұрды» деген жалған анықтама өткізуіменөлшенбегені жөн. Дипломы бар маманның жұмыс таппауы нарықты дұрысзерделемеуден, жұмыс берушілердің дуалды білім беру жүйесіне науқандықкөзқараспен емес, «кадр бәрін шешеді» деген оймен атсалысса, үкімет мемлекеттікмекемелерге мамандыққа сай дипломмен ғана жұмысқа алатын талапты енгізіп, соныбақылауға алса, көп мәселе шешілер еді. Жекеменшік сектордағы бейберекетсіздік кадрдайындаудағы үлкен кедергіні тудырып отыр. Мемлекет басқа салада жүрген өзгемамандық иелеріне талдау жасайтын болса, бюджеттегі ақшаның қайда жұмсалатынынакөз жеткізетін еді.    

Ақша табуғанеге құмармыз?

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жылқатарынан білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқуорындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз сараптама жасап, ЖОО рейтингісін  шығарды. Рейтинг бойынша «Еліміздегі 60-танастам жоғары оқу орны болашақ жұмыссыздарды дайындайды десе де болады. Кейбіржоғары оқу орны сапалы білім беруге тырыспайды, есесіне дипломдарды басыпшығарып, тез ақша табуда. Өйткені білімге емес, құжатқа сұраныс бар», – дегенқорытынды жасалған. Сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттікбілім беру гранттарын бөлу ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынды (БҒМ-ның №122бұйрығы). Егер ЖОО рейтингтен төменгі көрсеткіш көрсетсе,  комиссия мұндай білім ордасының мемлекеттіктапсырыс аясындағы оқыту мүмкіндігі шектеледі. ЖОО рейтингісінде түлектердіңжұмысқа орналасу жағына мейлінше басымдық беріледі.

Қорыта келгенде, баланы белгілі бір мамандыққа баулудымектептен бастап қолға алып, ЖОО-да мамандықты теориялық және тәжірибелікжағынан жан-жақты меңгертіп, сапалы білім берсек қана дипломы бар жұмыссызжастар қатары азаяды. ЖОО дипломдық жұмыстарды жобалық жұмыс форматындақорғатып, авторлық жобаларды қаржыландыруға да көңіл бөлетін уақыт жетті. «Ақыл– жастан, асыл – тастан» деп, халқымыз бекер айтпаған. «Бұлақ көрсең, көзін аш»демекші, дарынды, білімді жастардың идеяларын қолдап, жүзеге асыруына мүмкіндікберсек, сауапты әрі игілікті іс болар еді.

Мәрия ЖҰМАҚОЖА

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега