Әлеумет

Қамауда отырған Мансур Мовлаев екінші рет өзіне қол жұмсамақ болды

Алматыда экстрадициялық қамауда отырған Мансур Мовлаевтың екінші рет өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланды.

Фото: ашық дереккөз

Алматыда экстрадициялық қамауда отырған шешен белсендісі Мансур Мовлаевтың жақтастары оның екінші рет суицид жасауға әрекеттенгенін хабарлады.

Белсендінің жақтастары әлеуметтік желіде құрылған қолдау тобында Мовлаевтың 15 қыркүйекте екі рет өзіне қол жұмсамақ болғанын жазған. Олардың мәліметінше, бұл жолы ол мойын тұсын жарақаттаған.

Бұған дейін, 15 қыркүйекте Мовлаевтың алғаш рет суицид жасауға әрекеттенгені хабарланған еді. Ол Қазақстаннан баспана сұрап, Ресейге экстрадицияланудан қауіптеніп отырған.

Бұған дейін белсендінің хаты жарияланған. Онда Мовлаев әділетсіздіктен шаршағанын айтып, жақындарынан, достарынан және адвокаттарынан кешірім сұраған. Сондай-ақ ол Ресейге экстрадицияланған жағдайда азапталуы мүмкін екенін жазды.

Оқиғаға қатысты әзірге ресми органдардың түсініктемесі жоқ.

Сайт Әкімшілігі