Әлеумет

Каналдары тазаланған мойынқұмдықтар алғыстарын айтуда

Жеркөлемі бойыншаЖамбылоблысының жартысына жуығын, нақты айтсақ, 44 пайызын алып жатқан Мойынқұмауданы – жыр алыбы Жамбылдың кiндiк қаны тамған, Шәмшi әнiн арнаған, қойныаң-құсқа, қойнауы қазынаға толы құт мекен.

Jasalash.kz

Бiр қиыры Бетпақтың белiмен, бiршетi Балқаш көлiмен құшағын айқастыратын ауданда 2017-2018-ші жылдары суданшыққан шу алысқа естіліп, бұл ретте біз де газетімізде бірнеше мақалажариялаған едік.

Күні кеше редакциямыздың Жамбылдағы қосынына сол мақалалардың бастыкейіпкері, «Биназар Агро»АӨК-і басшысы Қамбар Атаевтан хат келді.  Бұрындары «сусыз қалдық, дымсыз қалдық» депбасталатын Қамбардың хаты бұл жолы алғыс айтуға арналыпты .

— «Биназар агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі2017-ші жылы жалпы көлемі 5 гектар жерге қаржы салды. Оның 4 гектары алма бақжәне орман питомнигі, 1 гектары жүгері. Отырғызылған тал көшеттерінің жалпысаны 10 000түп. Сол жылы шілдеайына дейін судың болмағаны салдарынан оның500-ін ғана құдық қазып, итшілеп жүріп қолмен суғарып аман алып қалған едік. Жемісағашы көшеттерінің нарықтағы бағасы 500 теңгеден деп есептегенде сол жылы текалма бақтың өзінен 5 миллион теңгеге шығынға баттық.

Ал былтыр 14 гектар жерге қаржы салдық. Жалпы саны 40 мыңтүп тал ектік. Оның 20 000 тал қаламшадан еккен сәндік ағаш, 5 түп райхангүлі, 4000 түп, қарағай, 10 000 түрлі жеміс ағаштары және 500 түп шырша.Бұл жылы да шілдеге дейін су болмай, бас-аяғы 2 гектардың ғана өнімін әзердегенде аман алып қалдық. 10 миллион теңгеге шығынға ұшырадық. 

Осылайша тауымыз шағылып, бетіміз қайтып, қолымызды бірсілтеген кезде ауданымызға ауысып келген әкім Мәден Мұсаев биыл судан таршылықкөрмейсіздер, мені облыстан осы шаруаны шешуге арнайы жіберіп отыр. «Ер кезегіүшке дейін» деген емес пе, биыл сіздерге мен кепіл боламын деп жігеріміздіжанып, қолдау білдірді.

Сөйтіп, биыл 9 гектар жерге жүгері, 10 гектарға жоңышқа,20 000 түп тал ектім. Әкім уәдесінде тұрып, көктем-жаз бойы су үзілгенжоқ. Жүгеріден гектарына 8 тоннадан өнім алдым. Еккен тал-дарақтарымызжайқалып, көктеп тұр. Жоңышқадан да малдың қыстық шөбін толық қамтамасыз ететінөнім жинап алып, сақадай сай отырмыз. Бұл ретте шалғайдағы біздің мәселемізгеқалам тербеп, арнайы келіп дүркін-дүркін материалдар дайындаған сіздерге, «ЖасАлаш» газетіне және ауданымызға жыл басында жыл құсындай болып келген әкімімізМәден Мұсаевқа мың да бір алғысымызды айтқым келеді. Ол кісі келген беттежылдар бойы жекеменшіктің қолында болып келген каналдарды мемлекет меншігінеқайтарып қана қоймай, механикалық жасақтың жұмысын жолға қойып,  тазалап берді. Басқа ауылдарды қайдам, біздіңБиназар, көршілес Күшаман, т.б ауылдың тұрғындары дән риза. Бұйырса, келесіжылы өнім көлемін ұлғайтатын боламыз, — дейді Қамбар Атаев.  

Ал «Көркем» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Бұзаубаев:

– Биылғы жылы егістігімізге су қайта келді. Мен өзімнің 4гектар жерімнің 2,5 гектарына жоңышқа, 1,5 гектарына тары ектім. Жоңышқаны 4мәрте орып алсам, тары жинауды да аяқтап келемін. Қожалығымда 5 адамды жұмысқатартып отырмын. Биылғыдай мол су болса келесі жылы тарының көлемін 4-5 гектарғажеткізуді жоспарлап отырмын, – дейді.

Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынанбілгеніміз, биыл Мойынқұмда арпа, жүгері мен қатар, тары егушілердің қатары дакөбейіпті. Айталық, Күшаман ауылының шаруалары Марал Томанов, МейірбекШынжарбеков, Қайырғали Көбенғараевтер өздерінің 10 гектардан астам жеріндегіөнімін жинауды аяқтап қалыпты. Жалпы, аудандағы Көкжелек ауылында – 100,Күшаман ауылында 72 гектар жерге тары егілген. Жаз бойы жоғары күтім көріп,уақытында суарудың арқасында өсімдік бітік шыққан.

Сонымен қатар, облыс орталығына ең шалғай жатқан осынау Мойынқұмауданы мен Тараз қаласының арасы алдағы күндері жақындай түспек екен. Ендігікезекте Тараз-Мойынқұм-Тараз бағытында әуе тасымалы іске қосылмақшы.

«Мойынқұм – облыс орталығынан ең шалғайдажатқан аудандардың бірі. Екі ортадағы жол қиындығы қатынап жүрген жолаушылардыңкөптен көңілінде жүргені даусыз. Бұл мәселе енді оңынан шешілмек. Жамбыл облысыәкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес, облысымыздағы шағын авиацияныдамыту қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда, облысымыздың орталығынан Мойынқұм жәнеТөле би ауылдарына әуе маршруттарын ашу мүмкіндіктерін зерделеу, соның ішіндеқажеттілікті анықтау, әуеайлақ салуға кететін шығын көлемін анықтау бойыншажұмыстар жүргізілуде»,-дейді Жамбыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобильжолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.

Айта кетейік, Мойынқұм ауылынан облысорталығына бір кездері яғни, 1966-1990 жылдары аралығында күнделікті 2 рет АН-2және ЯК-40 ұшақтарымен әуе тасымалы қызмет көрсеткен. Алайда, Тәуелсіздік алғаннанкейінгі тоқсаныншы жылдардың басындағы еліміздегі қаржылық қиындықтарғабайланысты аталған әуе маршруты жұмысын тоқтатқан болатын.

Алдағы уақытта ол қайта жаңданып, көпшіліктіңтілегі орындалмақ. Әуе тасымалы іске қосылғанда екі арадағы автокөлікпен жетугеболатын 5 сағаттық жол үш есеге дейін қысқарып, 1-1,5 сағатта жетуге мүмкіндіктуады деп күтілуде. Оны енді уақытында көре жатармыз.  

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега