Аймақ

Канар аралдарына соңғы тәулікте 1500-ге жуық мигрант жетті

1400-ден астам африкалық мигрант Канар аралдарына қонды

Фото: из открытых источников

Испанияның Канар аралдарына соңғы тәулікте Африкадан 1500-ге жуық мигрант жетті. Олар еуропалық корольдік аумағына теңіздегі қауіпке қарамастан қайықпен барған. Мигранттардың негізгі бөлігі – сенегалдықтар. Олардың арасында «Қара құрлықтың» өзге елдерінің де азаматтары бар. Ресми мәліметтерге қарағанда, қаңтардың 1-нен қазанның 15-не дейін Канар аралдарына 23 мыңнан астам мигрант жетті. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 80 пайызға жоғары.

Батыс Африка жағалауындағы Испания аралдарына жұма күні кешке және жексенбі күні таңертеңге дейін барлығы 1457 мигрант жетті.

Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі барлық келгендердің Сахараның оңтүстігіндегі Африкадан екенін айтты. 

Т. РАУШАНҰЛЫ