Қоғам

Қандыағаштағы тойханада 100-ден аса адамның улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында мейрамханаға барғаннан кейін болған жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: ашық дереккөз

Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабы – санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша жүргізіліп жатыр.

Құзырлы органдардың мәліметінше, қазір іс аясында қажетті тергеу әрекеттері қолға алынған. Мамандар жаппай уланудың себептері мен кінәлі тұлғаларды анықтауда.

Еске салайық, бұған дейін Қандыағаштағы мейрамханалардың біріне барған 102 адам ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың арасында балалар да бар. Тексеру нәтижелері шыққанға дейін аталған мейрамхананың қызметі уақытша тоқтатылды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тағам үлгілерін алып, зертханалық сараптама жүргізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі