Баған

«Кандидаттар арасындағы дебат тікелей эфирде өтеді»

ҚР президентіне үміткер кандидаттар арасындадебат тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі ДәуренАБАЕВ мәлімдеді.

Jasalash.kz

«Менің білуімше теледебаттар болады-ау.Және тікелей эфирде өтеді», — деді министр журналисттерге.

9 маусым күні өтетінпрезиденттік сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары 12-мамыр күні басталып кетті. Кандидаттардытіркеу 8-мамыр күні аяқталған еді.

Кандидаттар арасындағы дебатУкраинадағы президенттік сайлаудан кейін Qaznet-те қызу талқыланды. Мәселенбұған дейінгі сайлауларда отыз жылға жуық билік еткен Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВдебатқа шыққан емес. Қызық, «Нұр Отан» партиясының ендігі кандидаты Қасым-ЖомартТОҚАЕВ телесайысқа түсе ме екен?

Фото: tengrinews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега