Қоғам

Қапшағай су қоймасында суға батып кеткен екі адамның мәйіті табылды

Қайғылы оқиға 1 шілде күні Қонаев қаласындағы «Джаса» демалыс аймағының маңында болды.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға орнына құтқарушылар жеткенге дейін демалушылар 2006 жылы туған қыздың мәйітін судан шығарып алған. Осыдан кейін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалған екінші адамды іздеуге кірісті.

2 шілде күні таңертең жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында Қапшағай су қоймасының жағалауынан 2004 жылы туған жігіттің мәйіті табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жас бірге суға түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі