«Қарабет, жазаларыңды берсін» – марқұм Нұрайдың анасы
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот отырысы болды. Бүгінгі отырыста айыпталушы Шерхан Аймаханның әкесі Әлмахан Мәкенов өз нұсқасын айтып, жәбірленуші тараптың сұрақтарына жауап берді.
Айыпталушының әкесінің айтуынша, Нұрайды ұлы күштеп алып кеткен жоқ. Қыз Шерханмен бірге өз еркімен келген.
Кейін сот отырысының үзілісінде марқұмның анасы көз жасына ерік беріп, айыпталушыларға қарата: «Хайуандар, жазаларыңды берсін!» деп күйінішін жеткізді.
Жәбірленуші тарап құқық қорғау органдары қыздың ұрланғаны туралы хабарламаларға дер кезінде әрекет еткенде және айыпталушының ата-анасы ұлының әрекетіне назар аударғанда, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді деп есептейді.