Қоғам

Қарағанды облысында өртенген үйден адамның мәйіті табылды

Қарағанды облысының Мойынты кентінде екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты.

Фото: әлеуметтік желіден

Төтенше жағдай сегіз пәтерлі үйде болған. Өрт салдарынан ғимараттың шатырындағы ағаш құрылымдар, терезелер мен есіктер, сондай-ақ алты пәтердің ішіндегі жиһаздар мен үй заттары өртеніп кеткен. Сонымен қатар пәтерлердің бірінде шамамен 80 шаршы метр аумақта төбенің бір бөлігі опырылып түскен. Өрт толық сөндірілгеннен кейін құтқарушылар үйінділердің арасынан адамның дене қалдықтарын тапқан.

Қаза тапқан адамның кім екені әзірге белгісіз. Оның жеке басын анықтау үшін сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Сайт Әкімшілігі