Өңір

Қарағанды ​​облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Қарағанды ​​облысында оқу-жаттығу ұшуы кезінде UPLA286 типті P2002 ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.

Фото: из открытых источников

Оқиға 30 қыркүйекте Балапан учаскесінде болған.

"Сағат 07.46-да ұшқаннан кейін ұшақ экипажы байланысқа шықпады. Іздеу барысында қираған ұшақ пен қаза тапқан екі адам табылды. Бұл факті бойынша ҚР Көлік министрлігінің Апатты тергеу департаменті тергеу жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Т. РАУШАНҰЛЫ