Қоғам

Қарағанды облысындағы шахтада үш адам жарақаттанды

Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде апат болып, үш кенші жарақат алды.

Фото: Sputnik / Константин Михальчевский

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы кеншілердің жағдайы туралы мәлімет берді.

«Екеуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр, біреуі ауруханада, жағдайы ауыр, барлық қажетті медициналық ем-дом көрсетіліп жатыр», - деп жауап берді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева.

Nazym Sapar
Тегтер: шахта