Аймақ

Қарағанды облысының тұрғындары көпқабатты үй кіреберістерінде тазалық жүргізді

Қарағанды облысы Абай қаласының белсенді тұрғындары мен кәсіпкерлері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қосылды.

Jasalash.kz

 Шараға қатысушылардың кейбірі ауқымды акцияны шағын істерден бастауды жөн көріп, тазалық акциясына мүмкіндігінше көп адамды тарту мақсатында "Таза кіреберіс" бастамасын ойлап тапты. Басқалары көшелерді рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен тазартуды қолға алды.

Үшінші шағын ауданның № 9 үйінің тұрғындары кіреберістерін тазалауға кірісті. "Виктория" ПИК төрағасы Марина Фролкина тұрғындардың басын қосып, тазалық шарасына жұмылдырды.

– Үй тұрғындары мұндай үндеулерге әрдайым қуана жауап береді. Біз сенбілікке бірге шығамыз, үйдің ауласына гүл егеміз. Бірақ, барлық тұрғындар осындай жауапты деп айта алмаймын. Мысалы, кейбіреуі балалар алаңына қоқыс тастап кетеді, ересектер әткеншектердітбұзып тастайды. Бұл өте өкінішті. Бірақ сонда да саналы және жанашыр адамдарымыз көбірек екені қуантады, – дейді Марина Фролкина.

Қоқыс мәселесі тек ойын алаңдарында ғана емес, сонымен қатар қаланың басқа аумақтарында өткір болып тұр. Шаңырақ және Гете көшелерінің қиылысында қоқыс жылдар бойы жиналмаған. Биыл сенбіліктің арқасында аумақ тазарып қалды.

– Қаланың тазарғанын көріп, қатты қуанып отырмыз. Міне, заңсыз қоқыс үйіндісі де азайды. Біз бәріміз өз қаламызды жақсы көреміз және көгалдандыру акциялары мен сенбіліктерге қатысуға дайынбыз, – дейді кәсіпкер, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлнар Ағзамова.

"Таза Қазақстан" акциясы басталғаннан бері Абайда 6 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Мамыр айының соңына дейін дәл осынша қалдық шығару жоспарланып отыр.

Сайт Әкімшілігі