Әлеумет

Карантин режимі маусым айының соңына дейін сақталады

Қазақстанда карантиндік шараларды біртіндеп жұмсартудың жоспары жасалды. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Jasalash.kz

 

Вице министрдің айтуынша, карантин режимі маусым айының соңына дейін сақталады.

«Карантиндік шараларды біртіндеп жұмсартудың жоспары жасалды, маусым айын қосып алғанда. Сонымен қатар, бүгін үкімет 159 тармақтан тұратын кешенді жоспарды қарастырды. Олар карантиндік режим мен төтенше жағдай кезінде келген экономикалық зиян орнын қалпына келтіруге бағытталған. Бұл өте ауқымды мәселелер. Олар күнтәртібінде тұр, әрбір мәселенің арғы жағында жұмыс орыны жайы тұр», — деді Тоғжанов.

Премьер-Министрдің орынбасары елімізде төтенше жағдайдың аяқталғанына қарамастан, қауіп әлі де сейілмегенін атап өтті. 

«Сондықтан да карантин режимі жалғасуда. Шектеу шаралары әр аймақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты кезең-кезеңмен алынып тасталады. Карантиндік шараларды жұмсарту, сіздер білетіндей, 20 сәуірден басталды. Осы кезеңде шамамен 1,1 миллион адам жұмысқа оралды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгіннен бастап жұмыс орны 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер, сұлулық салондары, балаларды дамыту орталықтары жұмыс істей бастайтындығын мәлімдеді. Саябақтар мен алаңдар азаматтардың серуендеуіне қолжетімді болады.Саябақ жанындағы ойын-сауық қызметтеріне шектеулер сақталады, — деді вице-премьер.

Еске салайық, бұдан бұрын бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулыға қол қойды.

Республика тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус індетінің таралуын болдырмау үшін әкімдерге, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына мыналарды қамтамасыз ету бағыттары тапсырылды. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега