Әлеумет

Карантин режимін сақтау оңай емес екенін түсінемін-Тоқаев

"Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясынабайланысты екі аптаның ішінде салынғанелордадағы жұқпалы аурулар ауруханасына барды", — деп хабарлайды Ақорда.

Jasalash.kz

 Қазақстан Президенті дәрігерлермен әңгімелесу барысындаотандастарымыздың денсаулығын сақтау үшін қажырлы еңбек етіп жатқан медицинақызметкерлеріне алғыс айтты.

«Сіздер пандемиямен күресте алдыңғы шептежұмыс істеп жүрсіздер. Сіздерге ризашылығымыз шексіз. Күндіз-түні тынбай еңбекетіп жатырсыздар. Өкінішке қарай, Алматыда дәрігерлерімізді індеттен қорғайалмадық. Қазір қалыптасқан Төтенше жағдайды жою үшін күресудеміз. Сондықтанабай болғандарыңыз жөн, ең алдымен, өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар», –деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент карантин созылуы мүмкін екенінайтты.

«Кешенді шаралар қабылдау керек. Біз посткеңестік кеңістікте қажеттішараларды ең алғашқылардың бірі болып қабылдадық. Азаматтарымызға карантинрежимін сақтаудың оңай емес екенін түсінемін. Бірақ бұдан басқа жол жоқ. Қалайболғанда да осы айдың аяғына дейін карантин режимін сақтаймыз. Арғы жағын тағыда қарастырамыз. Мүмкін, мәселені реттеудің жаңа әдістері табылар.Өйткені халық біртіндеп үйлерінен шығуы керек», — деді Мемлекет басшысы.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега