Карантин режимине бағынбаған 346 адам жазаланды (видео)
Заң бәріне ортақ. Ережені ескермей, себепсіз серуендеуге тағайындалатын жаза бар.
Айыппұл мен ғана құтылып кетем деу әбестік. Тіпті, бірнеше тәулікке қамалауыңыз әбден мүмкін.
«Бірінші кезекте қауіпсіздік шараларын орындау барлығының міндеті. Бағынбаған сәтте, әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кем дегенде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Содан соң әкімшілік қамауға 15 күнге қамалуы мүмкін. Егер полиция қызметкерлеріне физикалық түрде қарсылық көрсеткен жағдайда, онда қылмыстық кодекстің 379-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген»,– дейді қалалық Полиция департаментінің өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.