Баған

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Бүгін қасиетті Рамазан айының алғашқы күні басталды.Биылғы жыл отыз күн ораза ұстайтын қауым үшін өзіндік ауыртпалықтары бар жылболғалы тұр.

Jasalash.kz

Елдегі төтенше жағдайға байланысты имамдар мен Діни басқармаөкілдері карантиндегі оразаның жәй-жапсарын түсіндірді.

Рамазан айында еліміздегі мешіттерде кешкі намазжамағатсыз оқылады. Сондай-ақ имамдартұрғындарды ауызашарға қонақ шақырудан бас тартуға шақырды.

Төтенше жағдай және карантин режиміне байланысты Рамазан айымерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мешіттердедәстүрлі кешкі тарауық намаздары, ауызашарлар уақытша тоқтатылады. Қазақстанмұсылмандары діни басқармасының ресми парақшаларында мешіт имамдарыныңқатысуымен Құран оқу бойынша және Рамазан айының басқа да шараларыныңонлайн-трансляциялары өтеді. Пітір садақаны Kaspi.kz қосымшасы арқылыжолдауға болады. Биылғы пітір садақа мөлшері– 370 теңге.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы қасиеттірамазанда жамағаттың игілігі үшін мынандай жобаларды іске асыруды жоспарлапотыр.

«Хикмет ТВ» студиясы арқылы 30 күн ораза бойы біліктіимамдарымыз бен ұстаздарымыздың «Отыз күнге – отыз уағыз» аттыонлайн жоба дәрістері жүргізіледі.

«Хикмет ТВ» студиясы арқылы Рамазан айында күн сайынРеспубликалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қабырғасында күніне бір сағат арнайыонлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады.Сондай-ақ, muslim.kz истаграм парақшасы арқылы имамдармен бір толқында дұғажасауға ниеттелген жамағаттың игілігі үшін Рамазан айының бірінші күнінен бастап,күнделікті әр 15 минут сайын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітініңқабырғасында «Батамен ел көгерер» атты онлайн режимде дұға жасап, батаға қатысурәсімі ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ имамдар «адамның өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері (ұшқыш, дәрігер т.б.) менауыр жұмыс иелері (кенші, металлург, қауіпті нысанда істейтін құрылысшы т.б.)  төтенше жағдайда ораза ұстауға шамасы жетпесе,оны кейінге қалдыра алады. Олардың қатарына қазіргі таңда тынымсыз еңбек етіпжатқан дәрігер, медбике және полиция қызметкерлерін қосуға болады»,-деп отыр.

 

Еске салайық, биылғы2020 жылы Рамазан айы мерекесі 24 сәуір мен 23 мамыр аралығында өтеді.

Қадыр түні 20 мамырдан 21 мамырға қараған түнге сәйкес келеді. 

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега