Әлеумет

Карантинге байланысты Жас Алаш газеті жарыққа шығуын уақытша тоқтатты

«Жас Алаш» газетінің оқырмандары және жанашырқауым!Елімізде коронавирус дертінің күннен күнге өршіпбара жатқанын бәріңіз білесіздер.

Jasalash.kz

Осыған байланысты Қазақстан бойынша сақтық шараларыкүшейтілді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қатаң режимдегікарантин енгізілді. Бүгіннен бастап қала ішінде қатынау қиындап, кешкі сағат19:00-ден таңғы сағат 6:00-ге дейін көлік пен адамдардың жүруіне тыйым салынды.Байланыс пен пошта қызметі уақытша тоқтады.

Осыған байланысты «Жас Алаш» газеті наруыздың29-нан бастап сәуірдің 7-не дейін шықпайтынын хабарлаймыз. Бұған оқырмандарымызтүсіністікпен қарайды деген сенімдеміз. Қолдарыңызға тимеген басылымдардыңбарлық саны алдағы уақытта  рет-ретіменжарық көреді. Қазір журналистер тобы осы мақсатта үй жағдайында жұмыс істепжатыр.

Газетіміз уақытында оқырман қолына тимегенімен, «Жас Алаштың» сайты үнемі жаңарып отырады. Өзекті ақпаратты өз уақытында сайтымыздан оқи аласыздар.

Қадірлі оқырман, өздеріңізден тағы бір мәрте кешірім сұрай отырып, жақсы күндерде жолығатындығымызға сендіргіміз келеді.

Біз сіздермен біргеміз!

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега