Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Аида Балаева президентке ведомствоның биылғы атқарған негізгі қызметі жөнінде есеп беріп, алдағы жылға арналған жоспарын таныстырды.

Фото: ашық дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны министрліктің мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынас, жастар саясаты, креативті индустрия, отбасы-демографиялық саясат, мұрағат және кітапхана ісі салаларында биылғы атқарған шаралары, сондай-ақ ведомствоның 2025 жылға арналған перспективті жоспарларын жүзеге асыруға дайындығы жөнінде мәлімет берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтса, биыл алғаш рет қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, яғни Венеция биенналесінде, Гиме Азия өнері музейінде таныстырылған; Қазақстанның баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілген. Сегіз тілде Qazaq сulture ақпараттық-ағартушылық платформасын іске қосу еліміздің тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін дәріптеу тұрғысынан маңызды жобаға айналған. Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты айтулы мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде бағаланған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: министр