Қоғам

Каспийде қаза тапқан сарбаздың анасы қатерлі ісікпен күресіп жатыр

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қаза болған 14 сарбаздың бірі Алмас Көбеновтің туыстарына кіріп көңіл айтып шыққанын, отбасының ауыр жағдайда екенін жазды.

Фото Азамат Сәрсенбаев

«Отбасында бес бала бар, қаза болған Алмас Көбенов кенже ұл болған, екі үлкен ағасы әскерде болып қайтқан. Анасы қатерлі ісікпен ауырады, екінші кезеңінде, қазір химия сәулесін қабылдап жатыр. Өкінішке қарай, ұлы өлген күні ол ем қабылдауы керек болған, бірақ қайғылы оқиғаға байланысты үй жағдайында өтуге мәжбүр болған. Қалай бар, солай айтайын, отбасы қараша тірлік кешіп жатыр, қайғы жамылған отбасы тұрып жатқан үйде өте ауыр атмосфера…», – деп жазды блогер.

2006 жылы туған Қарақалпақстан тумасы Алмас Көбенов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында тұрған. 29011 әскери бөлімінің матросы, граната атқышы болған.

Сайт Әкімшілігі