Әлеумет

Каспийде заңсыз әрекет жасаған 126 адам ұсталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Каспий теңізіндегі заңсыз әрекеттерге қарсы жедел-профилактикалық шаралар жүргізді.

Фото: полиция

Биыл қазан айында өткен іс-шаралар барысында 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді кеме ұсталды.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген шаралар нәтижесінде 11,5 келі есірткі және браконьерлікке пайдаланылған 88 шақырым ау-құрал тәркіленді. Заңсыз орнатылған торлардан табылған 2 337 бекіре мен өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына қайтарылды.

Құқық бұзушыларға 4,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Ал мемлекетке келтірілуі мүмкін 840 миллион теңгеден астам залалдың алдын алған.

ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде белгіленген тәртіп пен талаптарды сақтау қажеттігін еске салды.

Сайт Әкімшілігі