Каспийдегі қайғылы жағдай: Тағы екі матрос оқу-жаттығу кезінде жағалауда болған
Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің бір бөлігі жағалауда қалып, оқу міндеттерін орындаған. Ахметов пен Мағауия да осы топтың құрамында болған.
Қазіргі уақытта екі матрос та әскери бөлімде. Олар белгіленген күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін жалғастырып жатыр.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілердегі ақпаратты таратпас бұрын оның шынайылығын тексеруге шақырды.