Қоғам

Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін қорғаныс саласында кадрлық өзгеріс болды

Қазақстанның күштік құрылымдарында кадрлық ауыс-түйіс жасалды.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, қыркүйек айында Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болып, әскери қызметшілер қаза тапқан еді. Осы оқиғадан кейін әскери дайындық пен қауіпсіздік шараларына қатысты бірқатар мәселе көтерілген болатын.

Сайт Әкімшілігі