Саясат

Қайрат Сатыбалды түрмеден мерзімінен бұрын босатылмайды

ШҚО сотында Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының “бас бостандығынан айыру” жазасын “шартты түрде мерзімінен бұрын босату” жазасына ауыстыру туралы өтініші қаралған еді.

Фото: из открытых источников

"Сотталған Қайрат Сатыбалдының жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Судья Сатыбалдының тәртібі мен мінез-құлқындағы тұрақсыздығын ескеріп, жазаны ауыстырудан бас тартты.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылы лауазымын асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген еді. Сол жылы қыркүйекте 6 жылға сотталды.

Сайт Әкімшілігі