Өңір

«Қазақмыс» кенішінде жұмысшылар қаза тапты

Жамбыл облысындағы «Қазақмыс» кенішінде жұмысшылар қаза тапты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: из открытых источников

Оқиға 27 қарашада Жамбыл облысындағы Жайсан кенішінде болған.

«Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Омаров кен тресінің 1981 және 2002 жылы туған кеншілері ауыр дене жарақаттарын алды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр», - делінген «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақмыс компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 22-сі күні «Қазақмыс» компаниясына қарасты Жезқазғандағы No2 өңдеу зауытында апат болған еді. Салдарынан бір кенші қаза тапты. Одан кейін конвейер механизмі сынып кетіп конвейерші  жарақат алды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: Қазақмыс