Қоғам

Қазақстан 2026-2028 жылдары жаңа кен орындарын іздеуге 40,7 млрд теңге жұмсайды

Қазақстанда жаңа кен орындарын анықтау мақсатында 2026-2028 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына 40,7 млрд теңге бөлінеді.

Фото: ашық дереккөз

Жоспар бойынша жыл соңына дейін зерттелген аумақтың көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар 25 нысандағы геологиялық зерттеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Негізгі бағыттардың бірі – геологиялық түсірілім жұмыстарын неғұрлым егжей-тегжейлі жүргізу. Атап айтқанда, масштабы 1:50 000 болатын ГС-50 геологиялық түсіріліміне басымдық беріледі. Бұл жұмыстарға бөлінген 40,7 млрд теңгенің 32,7 млрд теңгесі жұмсалады. Қалған 8 млрд теңге сейсмобарлау жұмыстарына бағытталады.

Зерттеу барысында жердің тек беткі қабаты ғана қарастырылмайды. Сондай-ақ зертханалық және геохимиялық талдаулар жүргізіліп, ұңғымалар бұрғыланып, олардың құрылысы мен құрамы зерттеледі.

Сайт Әкімшілігі