Әлеумет

Қазақстан 2040 жылға дейін 144 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр

Қазақстан 2040 жылға дейін 144 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

«Осы жылдың соңына дейін қолданыстағы әуе паркіне тағы алты ұшақ қосылады. Ал 2040 жылға дейін тағы 144 ұшақ жеткізіледі. Былтыр Америкада отандық компаниялар Boeing компаниясымен 15 миллиард доллар көлемінде келісімге қол қойғанын көрдіңіздер», – деді Сауранбаев Сенаттағы парламенттік тыңдауда.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда әлемдік авиация саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі – ұшақ тапшылығы.

«Жаңа ұшақты алу үшін ұзақ күту қажет. Мәселен, егер тасымалдаушылар бүгін Boeing компаниясымен келісімшарт жасаса, ұшақты тек 8–10 жылдан кейін ғана ала алады. Сондықтан әуе компаниялары өндірушілермен тікелей жұмыс істеп жатыр», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, жаңа әуе кемелерінің санын арттыру үшін үкімет тарапынан Қазақстанның Даму Банкі арқылы қаржыландыру тетіктері енгізіліп жатқаны айтылды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ұшақ