Қоғам

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жалақы өсімі бойынша ең соңғы орында

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында 2023 жылы жалақының ең баяу өсімін көрсетті.

Фото: pixabay

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мәлімдеді.

«2023 жылы орташа айлық жалақы Арменияда – 688 доллар, Беларусьте – 634 доллар, Қазақстанда – 791 доллар, Қырғызстанда – 379 доллар, Ресейде – 871 долларды құрады», — делінген ЕЭК хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, орташа айлық номиналды және нақты (тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексіне түзетілген) жалақы 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанда  – 2,3%-ға өскен. Бұл бес мемлекет арасындағы ең төменгі өсім. Ал, ең жоғары өсім Арменияда – 12,4% және Беларусьте – 11%.

 

Фото: Pixabay

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: жалақы ЕАЭО