Саясат

Қазақстан Иран бойынша келіссөздер өткізуге алаң ұсынды

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ирандық әріптесі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.

Фото: Жас Алаш коллаж

 Тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды және екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Иран төңірегіндегі ахуалға алаңдаушылық білдіріп, бейбіт келіссөздер өткізу үшін Түркістан қаласында алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

СІМ мәліметінше, өзекті мәселелер бойынша диалог алдағы уақытта да жалғасады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: АҚШ Иран