Әлеумет

Қазақстан мектептерінде жасанды интеллектке байланысты пән атаулары өзгереді

Қазақстан мектептерінде білім беру бағдарламасы жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуына бейімделіп, бірқатар пәннің атауы өзгертіледі.

Фото: canva.com

Жаңашылдыққа сәйкес, 1–4-сыныптарда оқытылатын «Цифрлық сауаттылық» пәні енді «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» деп аталады. Ал 5–11-сыныптардағы «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» атауына өзгереді.

Өзгерістер тек пән атауымен шектелмейді. Жаңартылған оқу бағдарламасына жасанды интеллект тақырыбына қатысты 43 жаңа оқу мақсаты енгізілген.

Оқушылар жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз әрі тиімді пайдалануды, дұрыс сұраныс құруды, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалауды үйренеді. Жоғары сынып оқушылары машиналық оқыту, нейрондық желілер және деректерді талдау негіздерімен де танысады.

Білім беру бағдарламасы пилоттық сынақтан сәтті өтіп, қазіргі уақытта ресми бекіту рәсімінен өтіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі