Қоғам

Қазақстан мен Қырғызстан арнайы операция кезінде 5 келі ауған апиынын тәркіледі

Қазақстан және Қырғызстан Ішкі істер министрліктері тығыз өзара іс-қимыл мен шекара маңы ынтымақтастығы аясында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізудің сыртқы трансұлттық арнасының жолын кесті.

Фото: Полиция

Бірлескен арнайы операция барысында Шымкент қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Олардан шамамен 5 келі ауғандық апиын есірткі заты тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта олардың әрекеттеріне есірткі контрабандасы және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу белгілері бойынша қосымша құқықтық баға беру мәселесі қарастырылуда», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Сайт Әкімшілігі