Қоғам

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны артты

ҚР Көлік министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артқанын мәлімдеді.

2024 жылғы 30 мамырдан бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады, делінген хабарламада.

Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды.

Фото: ортком

Nurbike Beksultan
Тегтер: Қытай