Әлеумет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталиядағы NEST конгресс-орталығына келіп, Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысуда.

Фото: ашық дереккөз

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбындағы көшбасшылар панельдік пікірталасына сондай-ақ Гордана Силяновска-Давкова және Ираклий Кобахидзе қатысып отыр.

Пікірталастың модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Еске сала кетейік, бүгін Анталия дипломатиялық форумы 2026 өз жұмысын бастады.

Қазақстан үшін мұндай алаңға қатысу – тек сыртқы саяси протокол емес. Бұл елдің «орта держава» ретіндегі ұстанымының көрінісі. Яғни Қазақстан түркі интеграциясын еуразиялық және жаһандық бастамалармен ұштастыра отырып, қазіргі геосаяси кеңістікті қалыптастыруға ықпал етуді көздейді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев