Қоғам

Қазақстан Ресейге алты тонна көкөністі кері қайтарды

Қазақстанның фитосанитарлық қызметі Ресейден әкелінген ірі көлемдегі көкөніс партиясын ел аумағына кіргізбей, кері қайтарды.

Фото: из открытых источников

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мәліметінше, жалпы көлемі 6 тонна болатын жаңа піскен қияр партиясы Ресей Федерациясына қайтарылған.

Министрлік мұндай шешімнің қабылдануына импорттаушылардың фитосанитарлық бақылау талаптарын өрескел бұзуы себеп болғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, өнім міндетті фитосанитарлық бақылау мен қадағалаудан өткізілмей, елге әкелінбек болған.

Ведомство сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға мұндай «сұр схемаларға» жол берілмейтінін ескертті.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, фитосанитарлық талаптарды сақтау – жай ғана формалдылық емес, елдің агроөнеркәсіптік кешенін қауіпті зиянкестер мен өсімдік ауруларынан қорғауға бағытталған маңызды қауіпсіздік шарасы.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: азық-түлік