Қазақстан СІМ Германияда тыңшылық ісі бойынша ұсталған азаматқа қатысты сұрау жолдады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Германияда тыңшылық ісі бойынша ұсталған азаматқа қатысты ресми сұрау жолдады.
Бұл туралы ҚазТАГ жазды.
«БАҚ-та Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан азаматының заңсыз әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпараттың шығуына байланысты Германияның құзырлы органдарына ресми сұрау жіберілді. Қазіргі уақытта жауап күтілуде. Бұл мәселе министрліктің бақылауында», – деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін бірқатар еуропалық жетекші БАҚ Германия прокуратурасына сілтеме жасап, Берлинде Қазақстан азаматы Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады және диверсия ұйымдастыруға әрекеттенді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.