Әлеумет

Қазақстан Таяу Шығыстан азаматтарын эвакуациялауға 4 млн долларға жуық қаражат жұмсады

Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялау үшін шамамен 4 млн доллар көлемінде қаржы жұмсады. Бұл туралы Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Фото: ЖИ

Министрдің айтуынша, бастапқыда төрт мыңға жуық адамды елге қайтару жоспарланған. Алайда эвакуация барысында көмекке мұқтаж қазақстандықтардың саны 10 мыңнан асып кеткен.

Осыған байланысты мемлекет авиакомпаниялардың шығындарының бір бөлігін өтеген.

«Кейбір жолаушылар аталған әуе компанияларынан Қазақстанға қайту билеттерін өздері сатып алды. Яғни қызмет құны ішінара төленді. Біз өз тарапымыздан шығынның белгілі бір бөлігін жаптық. Сонымен қатар сақтандыру тәуекелдеріне ақы төледік және жолаушыларды Дубайдан көршілес елдерге жеткізуді ұйымдастырдық», – деді министр.

Айта кетейік, Таяу Шығыс мемлекеттерінен 10 мыңнан астам Қазақстан азаматы эвакуацияланған.

Сайт Әкімшілігі