Сараптама

Қазақстанда 854 блогер табысын 72 млрд теңгеге дейін жасырып келген

Қазақстанда 854 блогердің табысын төмендетіп көрсеткені анықталды. Жалпы жасырылған сома 72 млрд теңгеге жеткен.

Фото: из открытых источников

Олардың 622-сі қосымша салық декларациясын тапсырып, табысын қайта көрсеткен. Нәтижесінде 18,3 млрд теңге көлеміндегі кіріс заңдастырылып, мемлекетке шамамен 1 млрд теңге салық түскен. Тағы 600 млн теңге жақын уақытта төленуі тиіс.

Қалған блогерлерге қатысты тексеріс жалғасып жатыр. Қазіргі таңда жеті блогер бойынша қосымша 100 млн теңге табыс анықталған.

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салықты төлемеген жағдайда Мемлекеттік кірістер комитеті мәжбүрлі түрде өндіріп алатынын ескертті.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: табыс