Қоғам

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны қымбаттайды

Елімізде ақылы жолдармен жүру құны, яғни тарифтері өзгертілмек. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп жазды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Министр Қарабаев ақылы жолдардың құны 11 жыл бойы өзгермегенін атап өтті. 

«Өткен жылы 20 пайызға өсім болды. Біздің тарифтерімізді салыстырыңыз: егер Қазақстанда 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде 7 теңге. Салық төлеушілер есебінен емес, «ҚазАвтоЖол» бюджеті есебінен болғанын қалайсыз ба? Одан кейін ақылы жолдардағы тарифтерді көтеру ғана қалады», - деді Қарабаев Сенат отырысында.

Бұл ретте ол бағаның күрт өзгеруі болмайды деп уәде берді.

«Мен сізге шектеуді бірден айттым, кейде емес. Кейбіреулер: «Екі-үш еселейік» дейді. Мен бірден айтамын: «Екі немесе үш - бұл болмайды, бірақ пайызы болады». Біздің мамандар 1100 техника сатып алудан бөлек, жолдарды күтіп ұстауға қанша қаражат кететінін есептеп шығуы керек. Әрине, мұның бәрін бірден ақылы түрге сала алмаймыз, бірте-бірте көреміз. Біраз қор көбейіп, шығынымыздың қай бөлігі жабылады, соған қарап шығарамыз», – деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Сайт Әкімшілігі