Әлеумет

Қазақстанда Алтын Орда туралы фильмдер көбейеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасынан кейін Қазақстанда Алтын Орда мен Жошы ұлысы туралы фильмдер көбірек түсірілетін болды.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы бұған дейін де Алтын Орда тақырыбы тарихи сананы қалыптастыру үшін маңызды екенін бірнеше рет айтқан.

«Бұл күн тәртібіндегі жаңа мәселе емес. Президент Алтын Орда тақырыбы тарихи өзіндік сананы дамыту үшін маңызды екенін бірнеше рет көтерді», - деді Кочетов.

Вице-министрдің сөзінше, министрлікте бұл бағытта белгілі бір жобалар мен дайындықтар бар. Алайда нақты қандай фильмдер түсірілетіні әзірге айтылмады.

Сондай-ақ ол Алтын Орда мен Жошы ұлысы тақырыбын кино және сериал арқылы насихаттауға қанша қосымша қаржы бөлінетінін де нақтыламады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихының дайындалып жатқан жаңа жеті томдығында алғаш рет Алтын Ордаға арналған жеке том болатынын айтқан еді.

Сонымен қатар президенттің бастамасымен Жошы ұлысын зерттеу институты құрылған. Бұл — осы бағыттағы алғашқы арнайы ғылыми мекеме.

Бұған дейін Тоқаев Алтын Орданы Рим империясымен салыстырып, қазақтарды оның мұрагерлері деп атаған болатын.

Сайт Әкімшілігі