Қоғам

Қазақстанда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі

Қазгидромет 6–8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Pixabay

Синоптиктердің мәліметінше, батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды. Соның салдарынан көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, дауыл мен бұршақ күтіледі.

Қатты жауын-шашын 6-8 маусым аралығында елдің батысында, 6 маусымда солтүстік өңірлердің жекелеген аумақтарында және оңтүстік-шығысында, ал 8 маусымда солтүстік-батыста болжанып отыр.

Сонымен қатар кезеңнің басында еліміздің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Метеорологтардың болжамынша, күндізгі ауа температурасы:

Батыста +20...+30 градусқа дейін;

Солтүстікте +28...+35 градусқа дейін;

Орталықта +30...+38 градусқа дейін;

Оңтүстікте +35...+40 градусқа дейін;

Оңтүстік-шығыста +30...+39 градусқа дейін;

Шығыста +30...+37 градусқа дейін көтеріледі.

Осылайша алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып, кей аймақтарда нөсер жаңбыр мен найзағай қатар жүреді.

Сайт Әкімшілігі