Қоғам

Қазақстанда халық табысын арттыруға арналған жаңа жоспар қабылданады

2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар алты негізгі бағыт бойынша 59 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.

Фото: Үкімет

Оның айтуынша, олардың арасында жалақыны көтеру, инфляцияны төмендету, нақты табыстың өсуі, адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру, сапалы жұмыс орындарын ашу, салықтық және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ борыштық жүктемені азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту бар.

Құжаттың негізгі мақсаты – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке секторды тартуды жандандыру, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мен экономикалық өсудің инклюзивті моделін қалыптастыру.

Сайт Әкімшілігі